Ленгерде араққа салынған ананың балалары аш, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр — Зәкиева
Түркістан облысында 10 бала аш-жалаңаш қауіпті үйде өмір сүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысын аралаған Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабаралайды Azattyq Rýhy.
«Түркістанда әйел мүгедек баласын базарға шығарып, қайыр сұратқан. Ленгер қаласында 10 кәмелетке толмаған бала антисанитария жағдайында қауіпті үйде өмір сүріп жатыр. Көршілерінің айтуынша, шешелері араққа салынып кеткен. Қорғаншылық және потранаж органдары бұл отбасыны барып тексермеген, ол жерде 4 кішкентай бала бар. Балалар аш, ас-сусыз, жарығы жоқ сыз үйде өмір сүріп жатыр», — деп жазды ол.
Зәкиева бүкіл ауданда кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын комиссия жұмыс атқармайтынын айтып, сынады.
«Мәселен, Отырар ауданында 36 отбасы полицияның есебінде тұр, бірақ бірде-бір отбасының жағдайын комиссия қарамаған, отбасыларға көмектесу, оларды жұмысқа орналастыру жоспары жоқ. Басқа аудандарда жәрдем беру, жұмыс ұсыну жоспарынсыз ескерту жазып береді. Мұндай проблемаларды шешу үшін Отбасын қолдау орталықтары қажет», — деді Динара Зәкиева.