Социум

Латвия Ресеймен шекаралас аудандарда ТЖ режимін енгізді

Сонымен қатар бір шекара өткелі жабылды

Латвия ІІМ ұсынысы бойынша ел үкіметі Ресеймен шекаралас аудандарда төтенше жағдай режимін енгізді. Сонымен қатар шекарадағы өткелдердің бірін жабуға шешім қабылдады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейдегі ішінара мобилизацияға байланысты Латвияда 26 қыркүйектен 26 желтоқсанға дейін Алуксненский, Балвский, Лудзенский және Аугшдаугавск өлкелерінде және шекара бекеттерінде ТЖ режимі енгізілді.

Латвия 2021 жылы да Беларусь елінен келетін заңсыз иммигранттарға тосқауыл болу үшін осындай шара қабылдаған болатын. Ол кезде Лудзенский, Краславский, Аугшдаугавский өлкелері мен Даугавпилсте ТЖ режимі енгізілген және оның мерзімі биылғы жылдың 10-қарашасына дейін ұзартылды.

РФ азаматтары үшін Литва, Эстония және Польша шекаралары да жабық.

 

Другие новости

Back to top button