Культура

Ләйлә Сұлтанқызы: «Азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады»

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Ләйлә Сұлтанқызы екі ұлы Сағадат пен Сардарды алып күйеуінің туған жері Қызылкөл ауылына барды.

“Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар,ауылдастармен құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе…”, – деп жазба жариялады Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетсек, 57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «Оқ-жетпес» емдеу сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз дүниеден озды. Белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы – Қайрат Беркінбаевтың жұбайы. Бүгінде марқұм Қайрат пен Ләйләнің Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар.

 

 

Другие новости

Back to top button