Госорганы
Лай көшкінінен көз жұмғандардың қатарында қазақстандық балалар бар
Қырғызстанда селден көз жұмған тағы екі баланың денесі табылды. Олар Қазақстан азаматтары екені анықталған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы лай көшкіні салдарынан жоғалып кеткен 2 баланың Қазақстан азаматтары екенін мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, қаза тапқандардың туыстарына қазақстандық дипломаттар барынша көмек көрсетуде.
«Жақын арада қаза тапқан 4 баланың барлығының денесі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің бортында Отанына жеткізіледі», – делінген хабарламада.