Алматы

Лагерьдегі жанжал: Биыл Алматыда қанша бала жазғы демалыссыз қалды

Алматы әкімдігі екі лагерьмен келісімшартты бұзғанан кейін 1250 бала демалыссыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жазда, өкінішке қарай, жазғы лагерьге қатысты резонанс туды. Нәтижесінде білім басқармасы екі компаниямен келісімшартты бұзды. Соның салдарынан Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарынан 1250 бала демалыссыз қалды», — деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол ата-аналардың өтінішімен департамент балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша шұғыл шаралар қабылдағанын айтты.

«Бүгін Жетісу ауданының балалары Қарасай ауданындағы «Арман дала» лагерінде, Медеу ауданының балалары «Off-line» демалыс лагеріне барып келді. Түрксіб ауданының балалары осы лагерьде екі маусым демалды. «Жанұя» мектеп-интернатының балалары қазір Талғар ауданындағы «Спутник» лагерінде демалып жатыр. Яғни, қалған балалардың жазғы демалысын толық қалпына келтірдік», — деп қосты спикер.

Сондай-ақ, ол жауапсыз жеткізушілерге алдағы уақытта қандай шара қолданылатынын айтты.

«Бұл мәселе жүйелі түрде шешіледі. Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша нақты шара қабылданады деп ойлаймын. Біз де өз ұсыныстарымызды айтамыз. Бұл Қазақстан үшін жүйелі шара болмақ. Мүмкін лагерьлер үшін хабарландыру сипаты енгізіліп, бұл лагерьлер де тексеріледі», — деді білім басқармасының басшысы.

Шілде айында алматылық оқушылардың демалуға жазғы лагерьге емес, саунаға жіберілгенін хабарлағанбыз.

Кейіннен депутаттар саунадан балалар лагерін ашқан кәсіпкер ұтып алған тендердің құны 107 млн теңге екеніне көз жеткізді.

Другие новости

Back to top button