ГлавноеШымкент

Куркума жеп, уксус ішкен – Шымкентте қан қысымын өзі емдеймін деген әйел өліп қала жаздады (ВИДЕО)

Шымкент қаласында тұратын 53 жастағы әйел қысымын өзі емдеп алмақшы болған: ол интернеттен көрген рецепт бойынша қысымын түсіру үшін куркума жеп, алманың сірке суын ішкен, деп жазады Azattyq Rýhy «Отырар» сайтына сілтеме жасай отырып.

Қан қысымынан арыламын деп ойлаған келіншек аяқ асты ажал құша жаздады. Куркума мен сірке суына аллергиясы бар екенін білмеген келіншек ауыр хәлде ауруханаға түскен.

«Дәрігерлер оған Лайелла синдромын диагноздады – бұл дегеніміз аллергияның ең ауыр түрі. Бұндай диагноз қойылған кезде адамның терісі қатты зақымданады», — деп жазған сайт.

Другие новости

Back to top button