Культура

«Күйеуін көрсетуге ұялады»: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзі туралы қаңқу сөз тасығандарға жауап берді

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық видео жариялады. Бейнежазбадан актрисаның күйеуімен жәні қызы Аянатпен табиғат аясында демалып жүргенін көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

 

Жұлдызай Дүйсенбиева желіде күйеуімен және қызымен бірге түскен бейнежазба жариялады. Актриса бұл видеомен өзі туралы қауесетке нүкте қойғысы келгендей көрінді.

“Махаббат еркіндікте болу керек. Ғашық болу – ешкімнен қысылмай, еркелеп жүру. Жүрегім махаббатқа толы, шүкір. Бір-ақ жанға ғашықпын. Ол күннен-күнге күшейіп барады”, – деп жазба қалдырды актриса.

Сондай-ақ ол күйеуінің суретін жариялап: “Жұлдызайдың күйеуі жоқ, жасы үлкен біреуге шыққан, содан көрсетуге ұялады екен” деп сыртымнан өсек айтып жүргендер үшін”, – деп жазды.

Айта кетейік, бұған дейін актриса күйеуінің туған-туысымен қоштасып, дүниеге жалғыз қызы Аянаттан басқа перзент алып келе алмайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ ол денсаулығы сыр беріп, Өзбекстанда ота жасатпақ болғанын да жасырмады.

Другие новости

Back to top button