ГлавноеГосорганы

«Күдіктілер әлі анықталмады»: ІІМ Алматыдағы ақылы мектепте оқушыны зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Алматыдағы ақылы мектепте баланы зорлау оқиғасына қатысты түсініктеме берді. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Вице-министр үкімет отырысынан кейін журналисттердің сұрағына жауап берді. Марат Қожаев баланы зорлау фактісі бойынша іс тіркелгенін және тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Қазір тергеу барысына пікір білдіріп, оның қорытындысын алдын ала кесіп айта алмаймын. Процессуалдық заң тергеу барысындағы мәліметтерді жариялауға және пікір білдіруге тыйым салады. Сондықтан тергеудің аяқталуын күтейік. Не болғанын сол кезде түсінеміз», — деді вице-министр.

Қожаев  бұл іске қатысы бар күдіктілердің әлі анықталмағанын айтты.

«Әзірге ондай мәлімет жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Бейнекамераларды қарап, қажетті сараптаманың бәрі жасалып жатыр», — деді вице-министр.

 

Другие новости

Back to top button