Спорт

Куба боксшылары Қазақстанда: Үйренеміз бе, үйретеміз бе

Қазақстанға бокстан Кубаның ұлттық құрамасы келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бокстан ұлттық құрама мүшелері Куба боксшыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бүгіннен басталатын бірлескен жаттығу 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

17 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын желбіретеді. Кубадан келген 9 боксшы да осы додаға қатыспақ.  Құраманың бас бапкері  Карлос  Мануэль Перес Рейес Қазақстанға шақырған бокс федерациясының басшылығына алғысын білдіріп, екі ел боксшыларының арасында баянды байланыс орнағанын айтты.

Другие новости

Back to top button