Шаңырақ

Кристоф Мор: Әйел – ешкімнің жеке мүлкі емес

Оның айтуынша бұл моральдық тұрғыдан да қылмыс болып есептеледі

«Фридрих Эберт» қорының аймақтық директоры Кристоф Мор тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыларды криминалдық жауапқа тартпау ақымақтық екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Мысалы, мен көшеде біреуді ұрып кетемін. Сәйкесінше, ол үшін жазамды аламын. Үйде де солай болуы керек. Әйел – жиһаз емес. Әйел – ешкімнің жеке мүлкі емес. Ол да тұлға, жеке адам. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминалдандырмау – ақымақтық», — деді ол.

Кристоф Мордың айтуынша, моральдық тұрғыдан да бұл – қылмыс.

«Жазалау жолдары қаншалықты дұрыс және қоғамдағы жағдайды жақсарта түсетініне назар аудару керек. Қоғамдағы құзырлы органдардың жұмысына қажетті өзгертулер енгізу керек. Бұл мәселені шешуде саяси-экономикалық жүйенің де маңызы бар. Себебі бұл салаға жұмсалатын қаржыны да есептеу керек», — деді Кристоф Мор.

Айта кетейік, Қазақстандағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ және «Zertteu Research Institute» қоғамдық қоры еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында зерттеу жүргізді.

Другие новости

Back to top button