“Көзін күштеп ашып тұрды”: СҚО-да алаяқтар ер адамды алдап, атына несие рәсімдеген
Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтар ер адамды алдап, атына несие рәсімдеген. Желіде несие рәсімдеу барысындағы ер адамның суреті тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Суретте ер адамның көзін біреудің қолымен күштеп ашып тұрғанын байқауға болады. Бірақ ер адам осы қалпында сәйкестендіруден сәтті өткен.
Адвокат Елена Игнатенконың айтуыншы, микро қаржы ұйымы онлайн несие берген суреттегі ер адам өткен жылы көз жұмған. Оның артында әйелі мен есту қабілеті нашар қызы қалған. Отбасы Петропавл қаласының шетінде ескі жеке үйде тұрады. Егер олар күйеуі мен әкесінен қалған мұраны қабылдаса, коллекторлық агенттікке 800 мың теңгеге жуық қарызын төлеуге мәжбүр болады, бұл ол адамдар үшін тым үлкен сома.
Ер адамға несие 2021 жылы өте оғаш жағдайда рәсімделгені анықталды. Ер адамның айтуынша, несие оның еркінен тыс рәсімделген. Ер адам досымен темір жол өткелінде жұмыс істеп жүргенде, оларға өздерін Ресей азаматымыз деп таныстырған ер адамдар келіп, Қазақстан азаматтарының көмегімен сим-карта алғылары келетінін айтқан. Осы оқиғадан кейін екі адамға да несие рәсімделгені белгілі болған: біреуіне 785 мың теңге, екіншісіне миллионға жуық
«Ол қатты мас болды ма, әлде басқа жолмен, бірақ қонақтардың бірі оны қабағын көтеріп, суретке түсіріп алған, бұл фотосуретте анық көрінеді. Дегенмен, МҚҰ адамның суретіне қанағаттанып, сурет биометриялық сәйкестендіруден өткен. Бұл фотосурет қылмыстық іс бойынша да, сотта да көрсетілді”, – дейді адвокат.
Полиция осы жағдайға байланысты 2022 жылы қылмыстық іс қозғаған, алайда алаяқтар табылмады. Ал, коллекторлық компания өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірген. Алматы аудандық соты аталған талап арызды қанағаттандырған.
Ер адам көз жұмған соң 2023 жылдың желтоқсан айында апелляциялық сатыдағы сот азаматтық іс бойынша іс жүргізуді «жауапкердің» мұрагері анықталғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған.
Еске салсақ, бұған дейін полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертіп, бейтаныс нөмірлерден келген видео қоңырауларға жауап бермеуге шақырғаны туралы жазған едік.