Атырауская область

«Көзі ашық вахабиспіз»: өзен жағасында ұршық иірген әжені қолдаушылар көбейді

Еліміздегі су тасқынына байланысты әлеуметтік желіде суды қайтарады делінетін ырым-жоралғылардың видеолары тарап жатыр. Солардың бірі – ұршықты кері иіру, деп жазады Ulysmedia.kz.

Күні кеше оралдық әже де Жайықтың жағасына келіп, ұршығын кері иіріп отырғанда діншіл бір жігіт келіп, оның әрекеті теріс екенін айтқан болатын.

— Андағы қойдың жүні. Ондай нәрсе болмайды, апа, — деп айғайлайды.

— Болмайды деп тұрған сен — бүгін туған баласың. Бұл менің ата-бабамның, халықтың ата-бабаларының жасаған ырымы. Сен қазіргі бақабистердің әңгімесін айтпа, — дейді әжей.

— Мен де халықпын ғой, — дейді сөзге дес бергісі келмеген әлгі жігіт. — Біз вахабист болсақ та көзі ашық вахабиспіз ғой. Алладан «прямой» тілеуге болады. Сіз сияқты қаншама апалар үйлерінде жатыр…

— Мен бахабис емеспін. Мына тер сіңген жіп «иірімді кері қайтарады» деген қазақтың нанымы болған.

— Ол нәрсе практикада жоқ қой, апа, — дейді «көзі ашық вахабист».

Енді, міне, әлеуметтік желіде әжені қолдаған фотолар пайда болып жатыр. Журналист Оңғар Қабден сол суреттің бірін бөлісті.

– Енді апамызды қолдау үшін қыз-келіншектер жаппай ұршықпен фотоға түсіп, онысын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр, – дейді ол.

 

Другие новости

Back to top button