Костенко шахтасының 27 кеншісі әлі ауруханада жатыр
«Костенко шахтасындағы жағдай бойынша облыстық жедел штаб жұмыс атқарып жатыр. Бүгін таңертең медициналық мекемелерде 27 адам жатыр. Біреуінің жағдайы ауырға жақын, 24-і орташа және екеуі бірқалыпты. Барлық пациенттер қажетті медициналық көмек алып, оңалтудан өтіп жатыр. Қаза тапқан әрбір кеншінің отбасына меморгандардың басшылары мен депутаттар бекітілді», — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыс басшысы қаза тапқан кеншілер отбасыларының әлеуметтік портерті жасалғанын атап өтті.
«Көпбалалы отбасылар, сондай-ақ, жалғыз асыраушысы және кәмелетке толмаған баласы бар отбасылар анықталды. Қазақ тапқандардың ипотека және басқа да несиелері мен тұрғын үй жағдайы туралы ақпарат жиналды. Қаза тапқандардың отбасына мемлекет тарапынан материалдық көмектің барлық түрі түсіндіріліп жатыр. «АрселорМиттал Теміртау» жерлеу шығынын ұйымдастыру және төлеу бойынша міндеттемесін орындап жатыр. Компанияның қалған міндеттемелері кезең-кезеңімен орындалады. Оны облыс әкімдігі бақылауда ұстайды. Зардап шеккендер және олардың отбасына қажетті көмек дереу көрсетіліп жатыр», — дейді Ермағанбет Бөлекпаев.