Карагандинская область
Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 32-ге жетті
14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған жарылыстан қаза тапқан кеншілердің саны 32-ге жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Костенко атындағы шахтада сағат 16:00 жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды. Жарылыстан қаза тапқандардың саны сағат сайын артып келеді.
Қайғылы оқиғаға байланысты ертең елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.