Карагандинская область

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына байланысты сот басталды

Қарағанды сотында Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды. Бұл туралы істегі прокурор Әділ Садықов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, іс бойынша 74 адам жәбірленуіші ретінде танылған. Ал, сотталып жатқан адамдардың саны – 10.

«Қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адамды сотқа тартқан болатын. Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу). Күдіктілер қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды», — дейді Әділ Садықов.

Іс Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№61 мекемесінде қаралатыны белгілі болды.

Другие новости

Back to top button