ГлавноеКарагандинская область

Костенко шахтасында 46-кеншінің сүйегі табылып, жер бетіне шығарылды

Костенко шахтасындағы апаттан қаза болған 46-кеншінің сүйегі табылып, жер бетіне шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Мамандар қажетті сараптамаларды жүргізіп, марқұмның жеке басын анықтады. Кеншінің аты-жөні Александр Прокудин.

Іздестіру жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды ​​филиалының тау-кен құтқарушылары қатысты. Тәулік бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, 28 қазан күні төтенше жағдай аймағындағы өрттен кейін Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, оның 46-сы көз жұмды.

31 қазан күні құтқарушылар қаза тапқан 46-шы кеншінің қалдықтарын тапқанын хабарлаған еді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы мәміле аяқталуда.

Другие новости

Back to top button