Мангистауская область

«Көршісі дезинфекция жасаған»: Ақтауда екі бүлдіршін уланып көз жұмды

Полиция сараптама тағайындады

Ақтауда 2021 және 2022 жылы туған балалар дезинфекциядан уланып көз жұмды. Одан бөлек, екі бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Қайтыс болған бүлдіршіндердің туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтерін дезинфекцияған. Бірақ бұл туралы ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.

«Сол түні кішкентай балалар құса бастаған. Жедел жәрдем шақырғанмен, балаларды құтқара алмады. Қалған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер ешқандай болжамжасап жатқан жоқ», — деді туысы.

Ол сондай-ақ көршісін полиция қызметкерлері жауап алу үшін алып кеткенін айтты.

«Біз үйді жуып, тазаладық, бірақ бәрібір жағымсыз иіс әлі де бар. Осындай қайғылы оқиға бұрын Маңғыстау ауылындағы 2 шағын ауданда болған. Неліктен көршілерге алдын ала ескертпеген? Өйткені, мұның қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін бәрі біледі», — деді балалардың анасының сіңлісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген. Сараптама тағайындалды.

Другие новости

Back to top button