Абайская область
Көршілерімен жанжалдасып қалған семейлік тұрғын кек алу үшін көп қабатты үйді жылудан ажыратып тастады
Семейде көршілеріміен жанжалдасып қалған қалған ер адам, кек алу үшін бүкіл үйді жылытусыз қалдырды. Нәтижесінде 48 пәтердің батареясы жылудан ажыратылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі abainewskz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Семейдегі Титов мекен-жайында болған. Жылусыз қалған пәтер иелері 102-ге хабарласып шағымданған. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторының айтуынша, көпқабатты үйдегі жылу сондағы бір тұрғынның әрекетінен болған. Ол өз пәтерінен тарайтын жылу құбырын кесіп тастаған, салдарынан 48 пәтер жылудан ажыратылыпты.
Учаскелік полиция мұның бәрі көршілерімен келіспеушіліктен кейін басталғанын анықтады. Жылу құбырын кесіп тастаған соң, көршілеріне ерегісіп, пәтерін жауып кетіп қалған.
Кейін белгілі болғандай, құбыр бөлшектелген пәтер, шын мәнінде жалға алушының қайын енесінің атында болып шықты. Алайда пәтер қожайыны онда тұрмайтын болып шықты.