Главное
Коммуналдық қызмет: Қазақстанда су бағасы бір жылда екі есе қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің (ЖКҚ) бағасы айтарлықтай өсті. Energyprom.kz мәліметінше, тек 2025 жылдың шілде айында тарифтер өткен жылмен салыстырғанда 23,6%-ға, ал реттелетін коммуналдық қызметтер 26,3%-ға көтерілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Су бағасы екі есеге жуық қымбаттады
Ең үлкен өсім суға қатысты болды:
- Суық су – 96,1%-ға қымбаттады;
- Су бұру (канализация) – 34,6%-ға артты.
Жылу мен газ тарифтері де көтерілді
- Жылу бағасы – 19,2%-ға,
- Газ тарифтері – 15,9%-ға өсті.
Бұл өзгерістер халықтың ай сайынғы шығынына едәуір салмақ түсіріп отыр.
Экономистер не дейді?
Мамандардың пікірінше, тарифтердің қымбаттауы жүйелі сипатқа ие. 2025 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстандағы тауар мен қызмет 10,6%-ға өскен. Осы кезеңде ақылы қызметтер 15%-ға қымбаттаған. Ал коммуналдық қызметтердің жылдық өсімі 22,6%-ды құрады.
Қай салаларда өсім аз болды?
Ең төмен өсім келесі бағыттарда тіркелді:
- тұрғын үйді күтіп-ұстау төлемі – 10,9%;
- тұрғын үйді жөндеу мен қызмет көрсету – 6,3%.