Карагандинская область

«Көліктен ұшып кетті»: Қарағандыда алты көлік соғысты (ВИДЕО)

Қарағандыда Аманжолов көшесінде алты көлік соғысты. Салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Аманжолов көшесінде болған.

«Алған жарақаты салдарынан бір адам қаза тапты, үш адам медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертеді.

Другие новости

Back to top button