Абайская область

«Көлік жұбайымдікі»: Қазір өрт болып жатқан Бородулиха ауданының экс-әкімі қымбат көлікпен көзге түсті

Журналист Асхат Ниязов Семей қаласында қымбат көлікпен жүрген Бородулиха ауданының экс-әкімін кездестірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Григорий Пинчук журналистпен тілдесу барысында көліктің кәсіппен айналысатын әйеліне тиесілі екенін айтқан.

«Неліктен көлік қатты қымбат деп есептейсіз? Бәлкім қымбат шығар, бірақ бұл әйеліме тиесілі. Ол – кәсіпкер. Өзім де кәсіпкермін», – деді экс-әкім.

Асхат Ниязов Григорий Пинчуктың қазіргі уақытта Семейдегі автобус паркіне иелік ететінін айтады.

«Эх, кездескен кезде бұл туралы білгенімде. Себебі соңғы жылдары Семейде автобусқа байланысты мәселе мен дау көбейген. Келген сайын маған осы туралы айтатын», – деп жазды журналист Telegram-арнасында. 

Григорй Пинчук 2002-2007 жылдары Бородулиха ауданының әкімі, кейін Семей қаласының, ШҚО әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы қызметтерін атқарған. АЛ Асхат Ниязовпен әңгіме барысында ол Даниал Ахметовпен дос екенін айтып, 15 маусымда әкімнің туған күніне баратынын мәлімдепті.

Другие новости

Back to top button