Шымкент
Көлік дыбысына жартылай жалаңаш билеген Шымкент тұрғыны жазаланды
Шымкенттегі көшелердің бірінде көңіл көтермек болған жастар ереже бұзып, жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодағы жастар әлеуметтік желіге кезекті ролик түсірмек болған тәрізді.
Қыз арнайы жарық-дыбыстық сигнал орнатылған автокөлік алдында билеп жатыр.
Бұл белгілер негізінде тек жедел жәрдем, патрульдік және өрт сөндіру көліктеріне арналған.
Тәртіп бұзғандарға 15 АЕК немесе 55 мың теңге шамасында айыппұл салынды.
Бұған дейін Таразда жол ережесін бұзып, TikTok желісі арқылы полицейлер көзіне түскен азамат ұсталғанын жазған едік. Ол мас күйінде тікелей эфирге кіріп, балағат сөздер айтып, көлігін көрсеткен.