Акмолинская область

Көкшетауда мұнара краны құлап, краншы қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін, яғни 5 сәуірде болған

Көкшетауда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 5 сәуірде болған.

«Сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді қалалық ПД өкілдері.

Другие новости

Back to top button