Ғылым және техника

Классикалық портреттің жаңа бейнесі: гибридті түсірілімге арналған жаңа кәсіби Canon 85 мм объективі

Canon Europe RF 85MM F1.4L VCM, бекітілген Hybrid RF объективтер желісін кеңейтетін кәсіби портреттік объективін ұсынады, осылайша шығармашылық фото- және бейнетүсірілім үшін көрініс кеңдігін және әмбебаптықты қамтамасыз етеді.

Ымырасыз оптикалық сапа. бет әлпетті жұмсақ қысатын 85 мм тиімді фокустық қашықтығы RF 85MM F1.4L VCM объективін портреттік түсірілім үшін тамаша құрал етеді. Аса кең f/1.4 диафрагмасы нысан мен фонды тамаша бөліп көрсетуді қамтамасыз етеді, ал ультра төмен дисперсиялық (UD) және асфералық линзалар Super Spectra және ASC жабындарымен бірге ең қажет жерде айрықша ашықтық береді.

Үйлену тойларын, түрлі іс-шараларды, жарық аз жерде, түрлі заттарды түсіретін фотографтар да RF 85MM F1.4L VCM объективінің ерекше талғампаздығы мен дәлдігіне жоғары баға беретін болады.

Дыбыстық шарғысы бар мотормен (VCM)1 жабдықталған бірқалыпты және дыбыссыз автофокус технологиясы фокус «тынысын» барынша азайтып, дәл фокусты қамтамасыз етеді. Арнайы жатық диафрагма сақинасымен2 , сондай-ақ реттелмелі объективті басқару сақинасымен және объектив функцияларын таңдау түймесімен бірге RF 85MM F1.4L VCM объективі видеографтарды икемді және сенімді құралмен қамтамасыз етеді. Ол Canon ұсынған RF F1.4 гибридті бекітілген объективтерімен бірдей конструкцияға ие, бұл оны тиімді түсірілім жүргізу үшін осы қатардағы басқа объективтермен бірге пайдалануға мүмкіндік береді.

Өлшемі мен салмағы RF 85mm F1.2L USM объективімен салыстырғанда екі есе аз RF 85MM F1.4L VCM қозғалыс кезінде түсіруге арналған. Ыңғайлы тығыздағыштары3 және майға қарсы фторлы жабыны бар L сериялы конструкциясы қолайсыз жағдайда сенімді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

Жоғары өнімді бекітілген объективтің, жылдам f/1.4 диафрагмасының және гибридті функцияларының арқасында RF 85MM F1.4L VCM мәнерлі портреттер мен бейнелер жасау үшін кәсіби мамандар таңдайтын құрал болады.

RF 85MM F1.4L VCM негізгі сипаттамалары:

  • Толық кадрлы EOS R және Cinema EOS камераларына арналған 85 мм классикалық портреттік фокус (RF бекітпесі)
  • Ең жоғары f/1,4 мәнді жарық күші ашықтық тереңдігін және жарық аз кезде өнімділікті креативтілікпен басқаруға мүмкіндік береді
  • UD және асфералық линзаларды пайдаланатын озық оптикалық конструкция арқасында жоғары кескін сапасы
  • Дыбыссыз, аса сезімтал автофокус және азайтылған фокус «тынысы» үшін дыбыстық шарғысы бар мотор1
  • Кинематографиялық боке және сәуле әсерлері үшін 11 жүзді дөңгелек диафрагма
  • Қолмен интуитивті басқару үшін диафрагма сақинасын2, басқару сақинасын және объективті бірқалыпты басқару түймесі
  • Шаң мен ылғалдан қорғайтын берік L-сериялы конструкция3
  • Шағын және жеңіл: салмағы шамамен 636 г, өлшемі: 76,5 мм (В) x 99,3 мм (D)

RF 85MM F1.4L VCM объективі және Canon гибридті объективтері туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.canon-kz.com/lenses/rf-85mm-f1-4l-vcm/

//Сілтемелер

  1. Маңызды: объективтегі дыбыстық шарғысы бар мотор әлсіз магнит өрісін түзеді. Оны пайдалану әдетте қауіпсіз болғанымен, қандай да бір мәселелердің алдын алу үшін кардиостимулятор немесе басқа медициналық құрылғы болса, дәрігермен кеңескен жөн. Объектив камераға қосылмаған немесе камера өшірулі кезде объективтің ішкі құрамдас бөліктерінен шу естілуі мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және ақау болып табылмайды. Тасымалдау кезіндегі болмашы қозғалыстар құрылғының жұмысына әсер етпейді.
  2. Кейбір камераларда әртүрлі шектеулер бар; камераның оңтайлы өнімділігі үшін соңғы жасақтаманы орнатуды ұсынамыз. Тіпті EOS камераларындағы соңғы жасақтамамен EOS R, RP, Ra, R3, R5, R6, R6 Mark II, R7, R8, R10, R50, R100 и EOS R5C камерасында суретке түсіру кезінде диафрагма сақинасы арқылы диафрагма мәнін орнату мүмкін емес.
  3. Шаңға және ылғалға төзімді линзалардың объектив бекітпесінде резеңке сақина бар, ол камера тірегінің аздап тозуына әкелуі мүмкін. Бұл объективтің немесе камераның жұмысына ешбір жолмен әсер етпейді.

Другие новости

Back to top button