Главное

«Кішкене қалды, шыдаңызшы»: Оралда екі полицей толғағы қысқан әйелді перзентханаға алып барған (ВИДЕО)

Әйел аман-есен босанып, баласын бауырына басқан

Орал-Атырау тас жолында кетіп бара жатқан жүргізушілердің біреуі полицияны тоқтатып, көмек сұраған. Көліктің ішіндегі әйел қатты толғатып жатқан екен. Полиция қызметкерлері Исаин Қоғабаев пен Еламан Аманжановтар әйелді қызметтік көліктеріне салып алып, перзентханаға аман-есен алып барған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция жол бойы қызметтік көліктің камерасына жазылған бейнекадрларды ұсынды. Уақыт тығыз екенін жақсы түсінген полицейлер сигналын қосып, өте тез әрекет еткен. Жол бойы әйелге қолдау көрсетіп, су берген. көліктің артқы орындығында толғатып жатқан әйелді бір әйел адам демеп келе жатыр.

Полиция қызметкерлері перзентхана алдына тоқтап, әйелді дәрігерлердің қолына тапсырған.

Другие новости

Back to top button