Госорганы

Кірістер комитетінен: Желіде алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа тәсілін пайдалануда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың желіде құрыққа түсіретін жаңа тәсіл ойлап тапқандарын айтып, ескерту жасады. Деректерге сүйенсек олар өздерін Кірістер комитетіненбіз деп таныстырады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, SMS және әлеуметтік медиа хабарламалары арқылы жібереді.

«Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді», — деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тек ресми дереккөздерге сенуге шақыратынын жеткізді.

Другие новости

Back to top button