Восточно-Казахстанская область

Кинолог полицейлер келгенше баланы құтқарып қалды

Шығыс Қазақстан облысында инспектор-кинолог қайғылы жағдайдың алдын алып, бес жасар баланы құтқарды.

Бүлдіршін бесінші қабатта ашық тұрған терезеге шығып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлан аудандық полиция бөліміне Қасым Қайсенов кентінде кішкентай баланың ашық терезеге шыққаны туралы хабарлама түскен. Дабыл бойынша жедел-тергеу тобы дереу мекенжайға жіберілді. Полицейлер бірнеше минутта оқиға орнына барды.

Бірақ олар келгенше инспектор-кинолог Асыл Беріков баланы құлаудан аман алып қалды. Сөйтсе, кезекші хабарды тіркеуге алғанда Асыл бәрін естіп, бірден үйдің ауласына жүгіріп барған. 5-қабатқа көтерілгеннен кейін пәтер есігін қаққан. Есікті 12 жастағы қыз ашты.

Ол інісінің ашық терезенің алдына шығып алғанын байқамапты. Инспектор бөлмеге кіргенде алдымен баланы әңгімеге тартқан. Сосын ақырын көтеріп алып кетті. Баланы ата-анасы үйдің астындағы дүкенге шыққан екен. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Другие новости

Back to top button