Госорганы

«Кім екені қазірше белгісіз»: Мусин Қазнеттегі шабуылдарға қатысты пікір білдірді

Министр кибершабуылдардың Қазақстаннан тыс жерде жасалып жатқанын айтты

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазнеттег DDos шабуылдары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат әзірлеу үстінде.

«Шабуылдардың себептері мен салдарын мемлекеттік техникалық қызмет жоюмен айналысады. Оларда бұл шабуылдардың алдын алуға қажетті барлық құрал мен ресурстар бар. Ұйым осы киберқалқанды басқару үшін құрылған», — деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Министр DDoS-шабуылдардың қайдан жасалып жатқаны және оның артында қандай ұйым тұрғаны әлі белгісіз екенін мәлімдеді.

«Біз ондай ақпарат бере алмаймыз, өйткені қазірше бәрі белгісіз. Яғни, бізде нақты ақпарат жоқ. Ол шабуылдарды ұйымдастыратындар прокси-серверлерді, VPN-серверлерін пайдаланып, барынша жасырын істеуге тырысады. Белгілі бір механизмдер арқылы олар анонимділігін сақтай алады. Кейінгі уақытта жасалып жатқан шабуылдарға байланысты мемлкеттік барлық ресми ресурстар мен Интернетке үлкен жүктеме т үсіп отыр. Шабуылдың ішкі тізбегі сыртқы шабуылға қарағанда әлдеқайда айқынырақ болады. Сондықтан бұл шабуылдар Қазақстаннан тыс жерде жасалып жатыр деуге болады», — деді Бағдат Мусин.

Другие новости

Back to top button