Госорганы

Киік дихандарды 12 млрд теңге шығынға батырды

Киік ауыл шаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінде киік санының артуы ауыл шаруашылығына зиянын тиігізіп жатыр. Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы саласындағы диханшыларға 12 млрд теңге залал келіп отыр. Ашығын айтайын, ежелден табиғатта келе жатқан киік басын реттеу жүйесі бүгінде жұмыс істейді. Бұрыннан киік санын кім реттейтін? Оны реттейтін қасқыр, жұт, ауру болатын. Бүгінде біз жұтты күтіп отырмауымыз керек. Киік саны бүгінгідей көп болса, онда жұт болады», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, киік санының артуы ауылшаруашылық жануарларымен жайылымдар мен суаратын жерлер үшін бәсекені күшейтті, егіс алқаптарының тапталуына әкелді. Соңғы үш жылда киіктер мекендейтін өңірлерде, әсіресе Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік шиеленіс байқалып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша шамамен 121,9 мың гектарға жуық егіс, 247,7 мың гектар шабындық және 882,6 мың гектар жайылым жерлері зардап шекті.

Другие новости

Back to top button