Культура

«Келіндерім жаман емес»: Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады

Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова кенже келінінің туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Қазан айында өнерлі отбасы кенже ұлдарын екінші рет үйлендіріп еді.

Бүгін Индира келініміздің біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын!”, – деп жазды продюсер.

Сонымен қатар, жұлдызды ене жас кезінен армандаған дүниелерінің орындалғанын айтты.

“Кішкентайымнан туған сіңлім болса деп, есейген соң қызым болса деп армандап едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса екен. Келіндерімнің жаманы жоқ. Осыларды тәрбиелеген құда-құдағиларым да керемет кісілер. Кемедегінің жаны бір дегендей арамыздан мысық өтпеуін тілеймін. Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін”, – дейді өнер иесі.

Еске салайық, продюсер келіндерінен бөлек тұрғысы келетінін жазған едік.

 

Другие новости

Back to top button