ГлавноеТуркестанская область

Келестегі сұмдық оқиға: оқушы қыз бен анасын өлтірген адам ұсталды

Сарыағаш қаласы Келес ауданы Амангелді ауылында бір үйдің екі адамын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», — деді облыстық полициядан.

Түркістан облысының полиция департаменті «күдікті бұрынғы мұғалім болды және 16 жастағы қызды өлтірмес бұрын зорлаған» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Еске салсақ, бүгін әлеуметтік желіде Келес ауданында болған сұмдық жағдай туралы ақпарат шықты. Онда 30 жастағы ер адамның 16 жастағы қыз бала мен оның анасын кірпішпен ұрып өлтірген деп жазылған.

Другие новости

Back to top button