Алматинская область

Келесі жылы Көлсай көлдеріне жанармаймен жүретін көліктер жіберілмейді – Сұлтанғазиев

Биыл «Көлсай көлдері» ұлттық саябағына 200 мыңға жуық демалушы келген

Келер жылдан бастап Көлсайға қазіргідей көліктер бара алмайды. Туристер ұлттық саябақтың аумағына тек рұқсаты бар, экологиялық талапқа сай келетін арнайы автобустармен ғана жететін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпараттық порталының тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 1 қыркүйекте жариялаған Қазақстан халқына Жолдауында отандық туризм мәселесін де көтерген еді.

«Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.

Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн», — деді Президент.

Осы мақсатта Алматы облысы да өңірдегі туризм саласын заманға сай талаптармен қамтымақ. Жаңа жоба келесі жылы іске қосылады. Мұндай жүйеге көшудің мақсаты табиғаттың экологиялық сапасын бұзуға жол бермеу. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, келген туристер көліктерін Саты ауылында салынатын екі арнайы автотұраққа қалдырады. Ұлттық саябақ пен Саты ауылың арасында тек электромобилдер ғана қатынайды.

«Шымбұлаққа көлік өткізбейді ғой. Экотранспорт жүреді немесе адамдар жаяу барады. Бізде соған көшеміз. Көлсайға келесі аптада барамыз, сол жерде екі автотұрақтың құрылысы салынатын орынды ашамыз. Сол жерде машиналарды қалдырып, ары қарай Көлсайға тек арнайы экокөліктер ғана жүреді. ҚХР Іле қазақ автономиялық облысының туризм саласын зерттедік барып. Біздегі Асы, Қарқаралы сияқты жайлауларына көлік шығармайды екен. Көлікті қалдырып, ары қарай жайлауға арнайы автобустармен барады. Жайлауға кіріп-шығудың құны адам басына 10 доллар. Есесіне жайлауда шөп көкпеңбек, тапталмаған, тарам-тарам машина жолдары жоқ. 56 шақырым автожол салып тастапты. Қазір бізде сол сияқты Көлсайдағы жолдарды жасап жатырмыз. Жай көліктердің ары қарай баруына бөгет жасаймыз», -деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Қайыңды көліне де туристерді тасудың талабы күшейеді. Туристерді тасумен күн көретін жергілікті тұрғындар машиналарын жаңартып, арнайы рұсқат алуы тиіс. Қазірге дейін ол жаққа адам тасу дұрыс жолға қойылмаған. Ескі, әрі ешбір талапқа сай келмейтін көліктердің кесірінен қайғылы оқиғаларда орын алып жатыр. Жуырда төменге құлдилаған адам толы автобус апатқа ұшырап, бірнеше адам қайтыс болса, жиырма шақты турист жарақат алды. Туризм саласындағы бұндай жабайлыққа келер жылдан бастап жол берілмейді.

«Қайыңды көліне де тура сондай жүйеге көшеді. Алдымен инфрақұрылымды жөндеп алайық, кейін тәртіпті дұрыстаймыз. Қазір бірден талап қойсақ, оған инфрақұрылым жоқ. Біртіндеп бәрін ретке келтіреміз. Жол салынған соң тасымалдаушыларға көлігін ауыстыру, жаңалау туралы талаптарды қоямыз. Биыл жерді алдық, келесі жылы сала бастаймыз. Инвестор ретінде Түркияның және Қытайдың ірі компаниялары келіп көрді», — деді облысы әкімі.

Биыл «Көлсай көлдері» ұлттық саябағына 200 мыңға жуық демалушы келген ұлттық саябағына 200 мыңға жуық демалушы келген. Мемлекет түскен қаражаттың көлемі 63 миллион теңге. Былтыр Көлсай-қайыңдыға 210 мыңнан астам турист барған. Кеше UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы қазақстандық Саты ауылын үздік туристік ауыл деп таныды. Бас ассамблеяның Best tourism Villages by UNWTO 2023 салтанатты іс-шарасы Өзбекстанда  өтті. UNWTO — ның «Үздік туристік ауылдар» бағдарламасы 2021 жылы іске қосылған. Ол туризмді ауылдық аумақтардың дамуы мен әл-ауқатының қозғаушы күшіне айналдыруға бағытталған.

Другие новости

Back to top button