Главное
Кейбір көпбалалы отбасылардың балалары балабақшада тегін тамақтанбайды

Үкімет қаулысына көпбалалы отбасылардың балаларын тегін тамақпен қаматамасыз етуге қатысты өзгерістер енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл қыркүйек айынан бастап Астана қаласының балабақшаларында мына санаттағы отбасылардың балалары тегін тамақпен қамтылады:
- отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда;
- отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмаса, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда.
Сонымен қатар тегін тамақтандыруды ұйымдастыру төмендегі балалар үшін сақталады:
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- даму мүмкіндігі шектеулі балаларға.
Тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша толық ақпарат алу және санатын растау үшін тиісті құжаттарды мектепке дейінгі ұйымға тапсыру қажет.