Социум

Кей өңірде жаңбыр, қар жауады: 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

Синоптиктер 16 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады.

«ҚР аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, түнгі сағаттарда тұман түсіп, үсік жүреді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр болады. Еліміздің шығысында жауын-шашын жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын, сондай-ақ қар жауады. ҚР бойынша жел күшейеді», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстінгінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

 

Другие новости

Back to top button