«Казахстанская» шахтасындағы өрт: 177 кенші эвакуацияланды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Қазір оқиға орынында кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Эвакуацияланғандар саны 177-ге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, төтенше жағдай орын алды.
Оқиға орнына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті.
«17 тамызда сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға «КӘАҚҚ» РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда. Қазіргі сәтте 177 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша «КӘАҚҚ» РШМ (15 қызметкер және 3 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) күштері келеді”, – делінген жедел хабарламада.
Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.