Спорт
«Каспий» футбол клубының дайындығына бөлінген ондаған млн теңге жымқырылған
Маңғыстау облысында «Каспий» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.
Сонымен қатар одан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.
«3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.