Бизнес

Kaspi.kz суперқосымшасында Glovo-мен тамақ жеткізу қызметі

Kaspi.kz пен Glovo стратегиялық серіктестік орнатып, тамақ жеткізу қызметінің Kaspi.kz суперқосымшасына бірігетінін жариялады.

Kaspi.kz компаниясының басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе:
«Енді сүйікті клиенттеріміз Kaspi.kz қосымшасы арқылы Glovo сервисін тікелей пайдаланып, ең үздік мейрамханалардан тағамдарға тапсырыс бере алады. Серіктесіміз Glovo-ға ынтымақтастығы үшін және әр клиентімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс білдіреміз!»

Оскар Пьер, Glovo компаниясының тең құрылтайшысы және бас директоры:
«Glovo-дағы басты миссиямыз — адамдардың өз қалаларындағы барлық нәрсеге оңай қол жеткізуін қамтамасыз ету. Kaspi-мен серіктестік – миллиондаған қазақстандықтар үшін осы мақсатты жүзеге асыру жолындағы үлкен қадам. Kaspi-дің бірегей цифрлық экожүйесін Glovo экожүйесімен біріктіру арқылы біз аймақта ыңғайлылық пен инновацияның жаңа стандартын орнатамыз. Осы қызметті Қазақстан бойынша клиенттерімізге қуана ұсынамыз және электрондық коммерция болашағын бірге құруды жалғастырамыз».

Glovo сервисі Kaspi.kz қосымшасының «Сервистер» бөлімінде қолжетімді, онда бір ғана шерту арқылы сүйікті мейрамханалардан тапсырыс беруге болады. Қызмет Қазақстанның ірі қалаларында қолжетімді.

Glovo туралы

Glovo – бұл пайдаланушыларды, бизнес пен курьерлерді байланыстыратын жетекші технологиялық платформа. Ол жергілікті мейрамханалар мен азық-түлік дүкендерінен бастап, супермаркеттер мен бөлшек сауда орындарына дейінгі сұранысқа ие көпсанатты қызметтерді ұсынады. Электрондық коммерцияның жаңа буыны — Q-коммерция (жылдам коммерция) саласының ізашары ретінде Glovo бірнеше минут ішінде қаладағы кез келген тауар мен қызметке қол жеткізуге мүмкіндік беретін ең ірі онлайн-маркетплейс құруға ұмтылады. Компания 2015 жылы Барселонада құрылған және қазіргі таңда Еуропа, Орталық Азия және Африкадағы 23 елде жұмыс істейді.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер әзірлеу. Инновация орталығында елдегі ең танымал мобильді суперқосымша — Kaspi.kz орналасқан. Оны 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Қосымшада еліміздегі жетекші электрондық коммерция, төлем және қаржылық қызметтер топтастырылған.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізілетін тиімді онлайн сауда жасайды, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жүргізеді, жеке қаржысын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турларды рәсімдеп, ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

 

Другие новости

Back to top button