Ғылым және техника

Kaspersky Safe Kids ата-аналық бақылау қолданбасы тағы бір мәрте балаларды Интернетте қорғаудың ең тиімді шешімдерінің бірі болып танылды

Балалардың онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналғанKaspersky Safe Kids қолданбасы AV-TEST және AV-Comparatives тәуелсіз ұйымдары жүргізген сынақнәтижелері бойынша сапа (Approved) сертификаттарының иегері атанды. Екі зертхана да аталмыш өнімнің балалардың жасына сай келмейтін контентті бұғататудағы жоғары тиімділігін ерекше атап өтті.

Windows платформасында ересектерге арналған контент AV-TEST және AV-Comparatives сынақтарында сәйкесінше100% және 98,1% бұғатталды. Kaspersky Safe Kids 2015 жылдан бері AV-TEST сынақтары тарихында осы санатта ең жоғары нәтиже көрсеткен жалғыз өнім болды, оған қосаосындай атаққа екі мәрте (2021 және 2023 жылдары) иеболды. AV-Comparatives зерттеуінде осы өнім бес қатысушының ішінде сертификат алған жалғыз шешім атанды. 2019, 2021 және 2022 жылдары да дәл осындай нәтиже көрсетті.

Зертханалардың әрқайсысы сынақтарды өз әдістеріменжүргізеді. AV-TEST мамандары сынақ жүргізу үшін 13 контент санатына жататын алты тілдегі 7500 сайтты пайдаланған. Солардың ішінде ересектерге арналған контент, зорлық-зомбылық көріністерін, қару-жарақ көрсету және құмар ойындар бар. Өнім Windows платформасында ересектерге арналған сайттардың 100%, ал жалпы алғанда балаларға көруге болмайтын әртүрлі санаттардағы материалдардың 92,2% бұғаттады. Android платформасында өнім ересектерге арналған сайттардың 99,09% бұғаттады. Қолданба AV-TEST зертханасынан сегізінші рет қатарынан сертификат алды және осындай жетістікке жеткеннарықтағы жалғыз өнім атанды.

AV-Comparatives сынағында Kaspersky Safe Kids өнімі Windows платформасында ересектерге арналған ресурстардың 98,1% бұғаттап, бірде-бір рет жаңылған жоқ. AV-Comparatives сарапшылары Kaspersky Safe Kids өнімінің балалардың онлайн белсенділігін қадағалау, сондай-ақ ата-ана гаджетінен енгізілген өзгерістердің баланың құрылғысында пайда болу жылдамдығын қадағалаутұрғысынан кең мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті.

«Балалардың онлайн қауіпсіздігі ― біз үшін басты бағыттардың бірі. Біздің мақсатымыз ― ата-аналарға балаларының Интернетте барынша қорғалатынына сенімділік сыйлау. Біз тәуелсіз сарапшылардың осы бағыттағы еңбегімізді тағы да жоғары бағалағанын мақтан тұтамыз», ― деді Анна Ларкина, «Касперский зертханасының» контент талдау сарапшысы.

Егжей-тегжейлі AV-TEST Parental Control Test 2023нәтижелерін келесі сілтемеден табуға болады.

AV-Comparatives Parental Control Certification 2024 нәтижелері келесі сілтеме арқылы қолжетімді.

«Касперский зертханасы» балаларды Интернетте қорғау үшін өз өнімдерінің мүмкіндіктерін 2014 жылдан бері сынап келеді. Барлық Kaspersky Safe Kids сынақтарының нәтижелері.

Компания балалардың киберқауіпсіздігіне арналған өнімдерді шығарып қана қоймай, сонымен қатар ең кішкентай Интернет пайдаланушыларының цифрлық сауаттылығын арттырады. 2024 жылы «Касперский зертханасы» Киберәліппе шығарды. Киберәліппе балаларды алаяқтардың айла-шарғыларын тануға және онлайн қауіпсіздіктің маңыздылығын түсінуге үйрететін кітап.

Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін «Касперский зертханасының» баспасөз қызметіне empr@kaspersky.com мекенжайы бойынша немесе +7 495 797 8700 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Другие новости

Back to top button