Госорганы

Картоп пен пәтер арзандауы мүмкін – Жұманғарин

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында қосылған құн салығының өсуіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен оның барлығын болжап айта алмаймын. Егер де теріс экономикалық құбылыстар жалғаса берсе, картоп, пәтер бағасы арзандауы мүмкін. Оның барлығы сұраныс пен ұсынысқа қатысты болады. Сондықтан мұндай болжамдарды жасамаған дұрыс. Себебі кез келген адам нашар болжам жасайды. Оған қоса, бұл нарықта дүрбелең туыдыруы әбден мүмкін», — деді Жұманғарин.

Еске салсақ, бүгін Мәжілісте Салық кодексіне енген өзгертулер бірінші оқылымда мақұлданды.

Другие новости

Back to top button