Спорт
Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды

Қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды.
Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.

Н.Әжіқанов бұған дейін үш қарсыласын жолдан тайдырған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын джиу-джитсуден Нұржан Батырбековтің Азия ойындарының чемпионы атанғанын жазған едік.