Выбор редакцииКультура
Караокеде ән айтқан Төреғали мен әйелінің дауысы жұртты шошытты (ВИДЕО)
Ерлі-зайыптылар "Любовь моя" әнін орындаған.

Әлеуметтік желідегі әр қадамы бірден жұрт назарына ілігетін Төреғали тағы да елден сөз естіді. Бұл жолы атышулы шоу-бизнес жұлдызының жанды дауыста шырқаған әні халықтың ашуын тудырған, деп хабарлайды Экспресс К.
Ғаламторда тараған бейнежазбаға көз жүгіртсек, Төреғали мен келіншегі Толқын караокеде ән салып отыр. Ерлі-зайыптылар «Любовь моя» әнін орындаған. Бұл видеоны көрген көпшілік Төреғалидың жанды дауысынан шошып, түрлі жағымсыз пікір жазып жатыр.
«Салмай-ақ қою керек еді. Түк дауысы жоқ. Мынау әнші емес, фонограммамен бақырып жүрген біреу ғой. Одан әйелі жақсы айтады», «Тәп-тәуір әннің сыйқын бұзып… дауысы жететінін айта бермей ме?», «Еріккен сарт, қазақшаңды жанды дауыспен айтшы, көрейік»
— деп жазды желі қолданушылары.