ГлавноеГосорганы

Кәмелетке толмағандарға төлқұжат берілгені үшін баж салығы қысқаруы мүмкін

Кәмелетке толмағандарға төлқұжат берудің мемлекеттік баж салығы қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады

Заң жобасында сотқа жүгінетін кезде борышкер үшін 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген және жеке адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және соттың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Құжатта сондай-ақ кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады. Заң жобасында сонымен қатар мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін қоспағанда, барлық санаттағы жердің өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу көзделеді.

Другие новости

Back to top button