Главное

«Жынысы, тегі, азаматтығы»: Қазақстанда 16 млн адамның жеке деректері желіге тарап кеткен

Күні кеше белгілі болғандай, Қазақстанда 16 иллионннан астам адамның жеке мәліметтері желіге тарап кеткен. Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылы Қазақстанда тұрған азаматтардың мәліметтері»

Тура осындай атаумен тараған құжат туралы Telegram-дағы SecuriXy.kz каналы жазды. Киберқауіпсіздік туралы көп жазатын арнаның мамандары құжатты талдап берген. CSV форматындағы кестеге 16 302 107 адамға қатысты бүкіл мәлімет таралған екен. Соның ішінде:

  • Аты-жөні
  • Телефон нөмірлері
  • Жынысы
  • ЖСН нөмірі
  • Ұялы телефоннан бөлек, жұмыс телефоны мен үй телефоны
  • Азаматтығы мен ұлты
  • Тұратын жері
  • Осы мекенжайда неше жылдан бері тұрып жатқаны сияқты мәліметтер таралған.

Министрлік не дейді

Жеке деректердің таралуы туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме таратқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазір осы оқиғаға қатысты тексеру басталды дейді.

«Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шын-өтірігін және өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатыр. Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр», — деп мәлімдеді министрлік.

Солай бола тұра министрлік мемлекеттік ақпараттық жүйелерге хакерлік шабуыл жасалған жоқ, деректер таралған жоқ деп отыр.

Другие новости

Back to top button