Социум

«Жыныс мүшелерін кесіп, өртеген»: Израиль ХАМАС содырларын әйелдерді зорлап, айуандықпен өлтірді деп айыптады

Израиль билігі ХАМАС-ты шабуыл кезінде әйелдер мен қыздарды зорлап, қинады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл кезінде қаза тапқандардың мәйіттерін жинап, зерттеу кезінде оларда зорлық-зомбылық белгілері, жамбас сүйектерінің сынуы, көгеруі байқалған.

Израиль полициясы “Нова” музыка фестиваліне келіп, шабуыл куәгері болған адамдардың бірі топтық зорлау, дене жарақатын салу және өлім жазасына кесу жағдайлары болғанын баяндайды.

Шабуыл болған күні жалаңашталған және қанға боялған әйелдердің фотолары тарады. Айтуларынша, тек санаулы құрбан ғана бұл жағдайдан кейін тірі қалған.

ХАМАС содырлары әйелді зорлап жатып, басына оқ атып өлтірген. Ал біреуін топпен зорлап, қорлағаннан соң атып тастады дейді.

Куәгерлердің бірі бұл жағдайды видео түсірген. Ол содырлардың қыздардың дене бөліктерін кесіп, мазақ қылғанын айтады.

«Содырлар қыздың омырауын кесіп, оны бір-біріне лақтырып ойнады, содан соң көшеге лақтырып жіберді», – деді ол.

Фестиваль өтетін жерде болған адам қыздардың айқайын естіп, зорлағандарын білдім дейді.

«Кейбір әйелдер өлім алдында, кейбірі жараланған кезде зорланған. Ал кейбіреулерін лаңкестер өлген кезде зорлаған. Мен оларға көмектескім келді, бірақ ештеңе істей алмадым», – дейді куәгер.

Полиция зорлық-зомбылық құрбандарының нақты санын анықтай алмайтынын айтты. Сонымен қатар тірі қалған құрбандар тілдесуден бас тартыпты.

Алайда ХАМАС Израильдің айыбын жоққа шығарды.

Израиль әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту министрі Мэй Голан зорлық-зомбылық құрбандарының бірнешеуі аман қалғанын және олардың барлығы қазір психиатриялық ем алып жатқанын айтты. Айтуынша, олар мүлдем сөйлеуге құлықсыз, жақындарымен де сөйлесе алмай қалған.

ХАМАС қолы кесілген және шалбарында үлкен қан дақтары бар кісенделген әйелдің кепілге алынғанын видеоға түсірген. Сонымен қатар тұтқынға алынған әйелдердің жалаңаш жүрген видеосы бар. Олардың белге дейінгі жалаңаштанғаны, сондай-ақ жыныс мүшелері мен аяқтарында жарақат белгілері бар екені байқалады.

Еврей университетінің Дэвис халықаралық қатынастар институтының заңгер сарапшысы доктор Кохав Элькаям-Леви ХАМАС әйелдердің денесін қалқан ретінде қолданған деп пайымдады.

«Мен олардың әйелдерге не істегенін егжей-тегжейлі білгенде, жүрегім ауырады. Олардың дене мүшесін кесіп, зорлау деген адамдықтан жұрдай нәрсе. Мұны есту өте қорқынышты. Зорлық көрген үш қызбен сөйлестім, олардың халі мүшкіл. Әлі күнге дейін психиатриялық ауруханада емделіп жатыр”, – деді министр.

Израиль полициясының бастығы Яков Шабтайдың айтуынша, көбісі сөйлеу қабілетінен айырылуға сәл қалған, өз оқиғаларын айтуға дайын емес.

«Психологиялық соққы алған он сегіз жігіт пен қыз психиатриялық ауруханаларға жатқызылды», –деді ол.

Тіпті өзіне қол салғандар бар.

Зорлау фактілері туралы деректерді Шура әскери базасына келген мәйіттерді өңдегендер мәлімдеді.

Мәйіт жинаушылардың бірі, «Зака» діни ұйымының еріктілері басқа да азаптау түрлері туралы айтты. Айтуынша, қаскөйлер жүкті әйелдің жатырын кесіп, құрсақтағы сәбиін ақтарып тастаған.

Мәйіт жинаушы Начман Дикштейн Киббутц Биеридегі қолы мен аяғы төсекке байланған екі әйелдің денесін көргені туралы жазбаша куәлік берді.

«Біреуі жыныстық террорға ұшырады. Оның қынабына пышақ сұғып, жыныс мүшесін тіліп тастаған», – деді ол.

Шабуыл болған жерден еріктілер жүздеген мәйітті жинаған.

«Алғашқы бес күнде лаңкестік Израильде болды. Жүздеген денелер болды. Оларды өртеп жіберген, ағзаларын бөліп, сойып тастаған”, – деді Голан.

Мәйіттерде зорлау фактілері, соның ішінде жамбас сүйектерінің сыну фактісі анықталған. Ал кейбірінің денесінің белден төмен бөлігі бөлініп қалған, олардың зорланған-зорланбағаны белгісіз.

Доктор Элкаям-Леви басқарған азаматтық комиссия 7 қазанда болған оқиғаның адамзатқа қарсы қылмысқа тең жүйелі зорлық-зомбылық екенін халықаралық мойындауға шақырды. Ол мұны геноцид деп тануды сұрады.

Другие новости

Back to top button