ГлавноеГосорганы

Жылыту маусымына атүсті қарауды доғарыңыздар – Бектенов әкімдерге шүйлікті

Үкімет отырысында бүгін жылыту маусымына байланысты сұрақтар қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика министрі не дейді

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасап, биыл республиканың электр стансаларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланғанын атап өтті. Электр желілері жалпы ұзындығы 20,9 мың шақырым электр желілерін, сондай-ақ 423 жоғары вольтты қосалқы стансаларды жөндеуді көздейді. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Министрлердің айтуынша, міндетіне алған компаниялар кешігіп жатқан жоқ.

– Энергетика саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар 2024 жылы салаға шамамен 327 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді, бұл өткен жылғы деңгейден 44%-ға артық, – дейдіо л.

Сонымен қатар энергия көздерін дайындауға Үкімет резервінен алдын ала 17 млрд теңге бөлінген. Қалған өтінімдер бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.

Бектеновтың ескертуі

Үкімет басшысы биыл жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтті деуге болатынын айтады. Алайда, ірі апаттардың алдын алдық дегенімізбен, жылу көздеріндегі технологиялық параметрлердің бұзылуы жиілеп кеткен.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырған. Энергетика министрлігі әр объект бойынша маған апта сайын баяндап отыруға тиіс дейді Бектенов. Қыс бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған Кентау мен Степногорскідегі және МАЭК пен «Топар» ГРЭС-індегі сияқты күрделі жағдайға жеткізбеу қажет деп те ескертті.

– Жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу керек. Егер жұмыстар мерзімінде аяқталмай, сапасы төмендеп кететін болса, онда меншік иелерімен қатар, әкімдіктерге қатысты да шаралар қабылданады. Үкімет тарапынан қажетті қолдау көрсетілуде. Өткен аптада мен Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен 16 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойдым. Сондай-ақ Көкшетаудағы жылу қазандықтарын жөндеуге 816 млн теңге бөлінді. Энергетикалық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қосымша өзгертулер енгізілді. Енді «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде биылдың өзінде қолданыстағы станцияларды жөндеу мен жаңғыртуға шамамен 327 млрд теңге тарту жоспарланып отыр, – дейді ол.

Әкімдер неге сынға ілікті

Беккетнов әкімдер Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, монополистермен жұмыс жүргізіп, қаржыландыру бойынша ең оңтайлы тетіктерді ұсынсын деп тапсырды. Жөндеу жұмыстарында қауіптер барын айтады.

– Жергілікті жерлерде барлық әкімдердің жұмысын көріп отырмыз. Мысалы, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-ші Жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары     8-ші қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған Жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар. Объектілерге өздеріңіз шығып, жөндеу жұмыстарының барысын тікелей бақылауға алу керек, – дейді ол.

Бектенов әкімдер мен жауапты министрлерге аталған мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.

Другие новости

Back to top button