ГлавноеПавлодарская область
Жылусыз қалған Екібастұз тұрғындары 2 ай жылуға ақша төлемейді
Екібастұздықтар қараша-желтоқсан айында жылу ақысын төлеуден босатылады
Төтенше жағдай салдарынан жылусыз қалған Екібастұз қаласының тұрғындары 2 ай жылу энергиясы үшін ақы төлемейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орталық Азия энергетикалық корпорациясының Басқарма төрағасы Бағдат Орал жылуға ақы төлеу мәселесі туралы мәлімдеді.
«Жылусыз қалған көпқабатты үйлердің тұрғындары қараша мен желтоқсан айларында жылу энергиясы үшін ақы төлемейді. Параметрлер азайған, жылытылмаған үйлердің тұрғындары үшін қайта есептеу жоспарлап отыр», — деді ол.