Главное

Жылап көріскен апалы-сіңілі қариялар елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде егде жастағы апалы-сіңілілі қариялардың құшақтасып, көз жастарына ерік берген сәті кең таралып жатыр. Видеоны көрген қазақстандықтар қатты толқып, ізгі тілектерін жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрға қарасақ, әжелердің кішісі үлкеніне еркелеп, алдында жатыр. Үлкен әпкесі сіңлісінің басынан сипап, сезімін білдіріп отыр. Осы сәтте екеуінің де көзіне жас келеді.

Желідегі адамдар өздерінің туған әпке-сіңілілерін есіне алып, әртүрлі пікір қалдырған. Бірі — жанында жүрген әпкесіне қолдау көрсетсе, енді бірі өмірден озған жақындарын есіне алып, жылаған.

«Бізге де әпкеммен бірге қартайып, өмір сүруді нәсіп етсін. Туған адамдардың бірге отырғаны қандай керемет. Әттең, менің де әпкем болса ғой. Апалар жылағанда жылама демеңіздерші. Жылау қиын ол кісілерге. Жеңілдеп қалады өмірдің көңіліне түсірген қаяуынан жеңілдеп қалады. Жылап, бір мауқын басып», — деп жазған желі қолданушылары.

 

 

 

Другие новости

Back to top button