Ақша

«Жыламсырайтын жағдайға жеттік» — депутат ең төменгі күнкөріс мөлшерін өсіруді ұсынды

Ұлттық статистика Бюросының мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жан басына шаққандағы кіріс 112 мың теңге, оның 98 мың теңгесі тек қана азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық қызметті төлеуге кетеді. Мәселен, күріштің бағасы 31,3%, жұмыртқа 16,9% , сары май мен сүт өнімдерінің бағасы 12% өскен. Тұрғын үйлердің коммуналдық қызметтері орташа алғанда 25% қымбаттаған. Осылай деп дабыл қаққан Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайыров халықтың әл-ауқатының еш артпай, керісінше қымбатшылық жайлап бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баға қайда кетіп барасың» деп жыламсырайтын жағдайға да жеттік. Ал еліміздегі ең төменгі төлем екі жыл болды 85-мың теңгеден өспей тұр. Халықаралық турбуленттілікке, ірі экономикалардың өзара «сауда соғыстары» мен тарифтік шиеленістеріне байланысты  биыл Қазақстанның да экономикалық көрсеткіштері баяулап, әсіресе импорттық тауарлардың бағасы одан әрі өсу ықтималдылығы зор. Халықаралық жағдайдың күрделіленуіне байланысты дүниежүзі экономикасы да тұрақсызданатындығы сөзсіз!», — деді ол.

Депутат Үкіметке шұғыл шара қабылдау қажет деп санайды.

  • Ең төменгі төлемді индексация жасау;
  • Жұмыссыздықтан сақтандыру сомасын арттыру арқылы  ең төмен жалақы алатын адамдардың сақтандыру жүйесін жетілдіру
  • Өңірлік әкімдіктер жергілікті тұрғындарға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды қолға алуы тиіс.
  • Әкімдер өңірлік ауыл шаруашылық өнімдерін жергілікті нарыққа қажетті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет.
  • Ауыл шаруашылық өнімдеріне берілетін мемлекеттік төлемдерді уақытылы әрі қажетті сомада толық төленуін қамтамасыз ету қажет.

Другие новости

Back to top button