Ақша

Жыл соңына дейін Қазақстанда инфляция қанша болады

Қазақстанда жыл соңына дейін инфляция 10 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналистер қосылған құн салығы әлі көтерілмесе де, тауарлар қымбаттап кеткеніне назар аударып, жыл соңында инфляция бұған дейін уәде етілген 9-10 пайыздан асып кетпей ме деп сұрады.

«Жалпы инфляция бар екені рас. Бірақ мен мынаны атап өткім келеді. Инфляция бойынша тренд қазір теріс мәнде. Мәселен, былтыр инфляция 8,6%, оның алдыңғы жылы 10% шамасында, ал оған дейін 20% деңгейінде болған. Ал осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция 10 пайыз шамасында болады деп күтіп отырмыз», — деді Қасенов Үкіметте өткен брифингте.

Другие новости

Back to top button