Госорганы

Жыл сайын мемлекеттік бюджетке 3-4 трлн теңге салық түспей қалады

 Жыл сайын мемлекеттік бюджетке 3-4 трлн теңге салық түспей қалады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Біз осы уақытқа дейін бюджетті толықтыруға қатысты бүкіл резервті іске қосқан жоқпыз. Әрине, республикалық бюджет 2017 жылғымен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайды. Бірақ, бар және салық органдары өндіріп алуы тиіс резерв заңнан тыс қалып жатыр. Бұл көлеңкелі экономика – жыл сайын мемлекеттік бюджетке түсетін 3 трлн теңгеден 4 трлн теңгеге дейінгі салық. Сонымен қатар, осыған ондаған жылдар бойы есепке алынбаған және кейде қаржы бизнесінің гүлденуі үшін қолданылуын жалғастырып жатқан салықтық жеңілдіктерді тағы қосыңыз», — деді ол.

Оның атап өтуінше, елімізде басқа да жеңілдіктер мен артықшылықтар бар, олардың көлемін ешкім бағаламаған.

Жоғары аудиторлық палатаның аудиті 64 салықтық жеңілдікті Ұлттық экономика министрлігі де, Мемлекеттік кірістер комитеті де ескермегенін анықтады.

Ал бұл тек 4 жылдағы бюджет шығыны шамамен 10 трлн теңгені құрады.

«Соның салдарынан созылмалы бюджет тапшылығы орын алды. Яғни, көрпеңе қарай көсіліп емес, қарызға өмір сүресің. Бұл ретте үкіметтік борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар бюджеттің таза кірістерінің 25 пайызын немесе 2,9 трлн теңгені құрайды», — деді Наталья Годунова.

Другие новости

Back to top button